Sunday Airlines компаниясын сіз үшін одан да жақсырақ ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
«Рұқсат ету» түймесін басу арқылы сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз және Құпиялылық саясаты
Рұқсат ету
Қосымша қызмет

Тамаққа тапсырыс беру

Сатып алу ережелері:

Тамаққа тапсырыс беру рейске дейін, кемінде 24 сағат қалғанда алдын ала бронь жасалғанда ғана қолжетімді.

Қайта броньдауға рұқсат жоқ.

Ал егер жолаушы ұшуға бір тәуліктен аз уақыт қалғанда өз еркімен қайта броньдайтын болса, тапсырыс жойылады және оның ақшасы қайтарылмайды.

Егер де қайта броньдау әуекомпания тарапынан мәжбүрлі түрде жасалып, алдын ала тапсырыс орындалмайтын болса, оның құны қайтарылуы мүмкін. Ол үшін onr4@scat.kz электронды поштасына өтініш жолдау қажет.

Қаржыны қайтару:

Ақшаны қайтару үшін қызметке тапсырыс берген жерге жүгініп, Тексеру қызметінің мөрі қойылған отырғызу талонының көшірмесін ұсыну керек.

Әуекомпания қаржыны әуежайда немесе ұшақ бортында қайтармайды.

Ақша мынадай жағдайларда ҚАЙТАРЫЛАДЫ:

- рейс тоқтатылған жағдайда жолаушы өз еркімен ұшудан бас тартса;

- тамақ ұсынылмаса.

Ақша мынадай жағдайларда ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ:

- жолаушы әуе билетін өз еркімен өзгертсе немесе ұшудан бас тартса;

- жолаушы рейске келмеген жағдайда (кешігу салдарынан, көші-қон немесе басқа да талаптарға сай келмеуіне байланысты және т.б.).

 

Таңдалған мәзір кей жағдайда қолжетімді болмауы да мүмкін.

Мои бронирования

Управление бронированием, отслеживание статуса, регистрация на рейс и многое другое