Sunday Airlines компаниясын сіз үшін одан да жақсырақ ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
«Рұқсат ету» түймесін басу арқылы сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз және Құпиялылық саясаты
Рұқсат ету
Қосымша қызмет

Жүк және қол жүгін тасымалдау нормалары

Біздің чартерлік рейстерге арналған әуе билетінің құнына 1 орын жүк және 1 орын қол жүгі кіреді.

Тасымалдау нормалары ұшу бағытына байланысты:

Түркия, Анталья — жүк 23 кг дейін, қол жүгі 10 кг дейін.
Мысыр, Шарм-эш-Шейх — жүк 23 кг дейін, қол жүгі 5 кг дейін.
Вьетнам, Нячанг — жүк 23 кг дейін, қол жүгі 5 кг дейін.
Вьетнам, Фукуок — жүк 23 кг дейін, қол жүгі 5 кг дейін.
Вьетнам, Дананг — жүк 23 кг дейін, қол жүгі 5 кг дейін.
Қытай, Хайнань — жүк 23 кг дейін, қол жүгі 5 кг дейін.
Үндістан, Гоа — жүк 23 кг дейін, қол жүгі 5 кг дейін.
Тайланд, Пхукет — жүк 23 кг дейін, қол жүгі 5 кг дейін.
Шри-Ланка — жүк 23 кг дейін, қол жүгі 5 кг дейін.
Мальдив аралдары — жүк 23 кг дейін, қол жүгі 5 кг дейін.

Қосымша жүк

Егер сіздің багажыңыз белгіленген тегін тасымалдау нормасынан асып кетсе, «Қосымша жүк» қызметін пайдаланып, артық жүк үшін алдын ала төлем жасауды ұсынамыз.

Қосымша жүкті өкілдікке бармай-ақ, онлайн режимінде сатып алуға болады.

Әдетте бұл қызмет ұшуға дейін 48 сағат бұрын, ұшу елі жергілікті уақыты бойынша қолжетімді болады.

Менің брондауларым

Брондауыңызды, күйді бақылауды, тіркелуді және т.б. басқарыңыз

Бұрын алынған билетке багажды қалай қосуға болады?

Мұны SUNDAY Airlines сайтында істеуге болады.     

Мұны жасау үшін сайттың "қосымша қызмет" - "қосымша багаж" бөліміне өтіп, әр жолаушыға 23 кг дейінгі қосымша багаждағы бір немесе екі сөмке тетігін таңдаңыз. Тапсырысты банк картасымен төлеңіз, сатып алуды растау хабарламасы сіздің электронды поштаңызға келеді.
Бұл қызмет әуебилеті бар жолаушыларға ғана көрсетіледі.  

Қайдан іздеу керек?
Жәй ғана, «Қосымша қызметтер» бөліміне кіріп, «Ұшақта орын таңдау» дегенге басыңыз.

Қалай өтемін?
  •  Тегіңізді(фамилия) латын әріптерімен жазыңыз (мысалы - FAMILIYA)
  •  Паспорт нөмірін, сериясын жазыңыз (үлгі N12345678)
  •  Номер рейса, только цифровые значения, мысалы (5237)
  •  Рейстің ұшатын күні (01.01.2025)

Қалай рәсімдеу керек?
  • Жолаушыға билет броньдағаннан кейін "Қызмет түрлерін сатып алу" тетігін басыңыз.
  • Қызмет түрін таңдаңыз
  • Электронды поштаңызды жазыңыз
  • "Келісемін және ережені қабылдаймын" тетігін басыңыз
  • "Қазір төлеу" тетігін басыңыз

Менің билетімде 1PC деп көрсетілген. Бұл нені білдіреді?

Piece concept - багаж орнын білдіреді, PC алдындағы сан - чемодан саны. Есіңізде болсын, сіздің багажыңыздың өлшем - үш өлшемнің қосындысы бойынша 158 см-ден аспауы керек: ұзындығы, ені, биіктігі. Әуекомпанияның чартерлік рейстерінде рұқсат етілген багаждың салмағы - 23 кг.

Қосымша багаж ақысы қанша тұрады?

Егер сіздің затыңыз тариф бойынша тасымалдауға рұқсат етілгеннен көп болса, оны шешу жолы бар: қосымша багаж орнын сатып алуыңыз керек.
   

1 орынға 23 кг, ені+биіктігі+тереңдігі 158 см.
Халықаралық рейстер:  30 USD 

1 орынға 23 кг, ені+биіктігі+тереңдігі 215 см.
Халықаралық рейстер:  35 USD 

1 орынға 32 кг, ені+биіктігі+тереңдігі 158 см.
Халықаралық рейстер:  40 USD

1 орынға 32 кг, ені+биіктігі+тереңдігі 215 см.
Халықаралық рейстер:  45 USD