Онлайн тіркеу рейске 24 сағат қалғанда ашылады, ұшудан 4 сағат бұрын жабылады. Бұл - әуежайдағы уақытыңызды үнемдеуге өте ыңғайлы тәсіл.
Әуежайда кезекке тұрудың қажеті жоқ.
Онлайн тіркеу жасап, ақылы орындарды таңдай аласыз.
Қызмет түрлерін алдын ала қосуға болады.
Салоннан ыңғайлы орын таңдау мүмкіндігі бар.
Мои бронирования
Управление бронированием, отслеживание статуса, регистрация на рейс и многое другое
Онлайн-тіркеу
Sunday Airlines рейстеріне тіркеу 3 сағат бұрын аяқталады, өйткені кестедегі ұшу уақытынан 24 сағат бұрын басталады. Рейстерге тіркеу, багажды қабылдау халықаралық рейстерге 60 минут бұрын, ал ішкі бағыттарға - 40 минут бұрын аяқталады. Онлайн-тіркеуден өткен жолаушы халықаралық немесе ел ішіндегі(жолаушының қай бағытқа билет алғанына байланысты) бағыттарға, алған билетіндегі уақытқа сәйкес, ұшудан 30 минут алдын күту залына өтеді. Мұнан соң бақылаудан өтіп, отырғызу талонымен салонға жіберіледі.
Мен онлайн-тіркеуден өткім келеді. Алайда, менің жүгім бар.
Сіз онлайн-тіркеуден өте аласыз. Егер қол жүгінен артық салмақта багажыңыз болса, рейсіңізге тіркеу уақыты аяқталғанға дейін, арнайы тіркеу орнына тапсырасыз.
Онлайн-тіркеу кімдерге рұқсат етілмейді
- мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға - жануарларды алып жүретін жолаушыларға - арнайы сұранысы бар жолаушыларға(спорт жабдықтары, қару түрлері)
Әуекомпанияда жолаушыны онлайн тіркеуден өткізу қызметіне кім жауапты?
Жолаушы онлайн-тіркеуден Әуекомпанияның ресми сайтынан өздігінше өте алады. Әуекомпания өкілдері жолаушыны онлайн-тіркеуден өткізе алмайды. Сондай-ақ, жолаушы онлайдан-тіркеуден өтерде ұшуда қандай заттарды алып өтуге болмайтынын біліп, онлайн-тіркеудің ережелерімен танысады.