Шарм-эш-Шейх
1. Шарм-эш-Шейхке келген туристердің барлығының құжатына «Sinai only» мөрі басылады - бұл Синай түбегінде 15 күнге дейін тіркеусіз жүруге мүмкіндік береді.
2. Егер туристер Шарм-эш-Шейхте 15 күннен артық уақыт болса, олар виза рәсімдеп(25$), тіркеуден(15$) өтуі керек.
Хургада
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары, жас ерекшелігіне қарамай, әуежайға келгеннен кейін Виза рәсімдеуі(құны - 25 АҚШ доллары) және міндетті түрде тіркеуден өтуі керек (15 АҚШ доллары).
Мерса-Матрух
Қазақстан азаматтары, жас ерекшелігіне қарамай, ұшып келгеннен кейін Виза(25$) алуы тиіс.
СНГ елдерінің азаматтары Камбоджа еліне саяхаттау үшін виза рәсімдеу қажет.
Визаны бірнеше тәсілмен алуға болады, ол - ұшу уақыты мен төлем мүмкіндігіне байланысты:
1. Картамен төлем жасайтын болсаңыз және ұшудан 3 күн алдын:
Туристік e-Visaсына ("Т" түрі) картамен төлеп, сайт арқылы рәсімдеңіз. Бұл паспорттық бақылаудан өтуді және ұшып келгенде багаж алуды тездетеді. Виза құны - 36-37 доллар.
2. Картамен төлеуге мүмкіндігі жоқ немесе уақыты 3 күннен де аз адамдар үшін:
Елге келгенде қолма-қол төлеммен E-Arrival визасын таңдаңыз. Камбоджа әуежайларында сауалнаманы тез толтыру үшін Wi-Fi және QR кодтар бар, ал рәсімдеуге осындағы қызметкерлер көмектеседі. Елге келген кезде виза алу бағасы - 30 доллар. Күрделілік болмас үшін ірі номиналды купюраларды майдарағына алмастырып қойыңыз.
3. Визаны алдын ала рәсімдеуге мүмкіндігі жоқ немесе үлгермеген азаматтар:
2-ші тармақтағыдай, қолма-қол төлеммен E-Arrival визасын таңдайсыз. Бірақ бүкіл процесс (сауалнаманы толтыру, төлем жасау, төлқұжатты тексеру) әуежайда өтеді, сондықтан біраз уақытты алуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ:
Барлық саяхатшылар Cambodia e-Arrival көші-қон картасын толтыруы тиіс. Arrival.gov.kh картасын толтырып, электронды визаға жіберуге болады. Cambodia e-Arrival - Камбоджаға келуді жеңілдететін, қағазды алмастыратын жаңа жүйе. Сауалнаманы толтырғаннан кейін туристер QR кодын алады.. Оны сақтап алып, шекарадан өту кезінде көрсету керек. Cambodia e-Arrival - бұл виза емес.
Қосымша ақпарат:
Саяхатшылардың барлығы елге келмей тұрып, 7 күн бұрын электронды визаға өтініш бере алады, ал туристік визаның жарамдылық мерзімі - 30 күн.