Анықтама ақпараты
Салоннан орын таңдау

Салоннан орын таңдау

Салондағы орындарды алдын-ала броньдау  

Терезе жақтағы және өтетін жолға жақын орын - 15 USD
Ортадағы орын - 10 USD 
Бизнес салонындағы орын - 100 USD
1 қатар - 40 USD 
2, 3  қатар - 30 USD
Апатты қатарлар - 30 USD

Онлайн-тіркеуге дейін салоннан орын броньдау

Онлайн-тіркеуге дейін салоннан орын броньдау өте оңай!

2. Sunday Airlines сайтындағы "арнайы ұсыныстар"/"қосымша қызмет"бөлімі
3. SCAT әуекомпаниясының офистерінде

Бұл қызмет ақылы және тек әуебилетін рәсімдеп, онлайн-тіркеу ашылғанға дейін көрсетіледі
Рейске онлайн-тіркеу ашылған сәттен бастап, сайттың "рейске тіркеу" бөліміне кіріп бос орындарды тегін таңдай аласыз немесе ұшатын әуежайдан алуға да болады.

Мен ұшақтан таңдаған орынды ауыстырғым келеді. Қайтаруға немесе ауыстыруға бола ма? Қалай істеймін?

Иә, ол үшін "қайтару қызметін" рәсімдеу керек 
onr@scat.kz  немесе  travel@scat.kz  почталарына жазыңыз

"Орын таңдау" қызметін рәсімдеуге қажетті нұсқаулық

Қайдан іздейміз?
Жәй ғана "Қосымша қызмет" - "Борттан орын таңдау" бөліміне өтіңіз.

Қалай өтеміз?
  • Тегіңізді(фамилия) латын әріптерімен жазыңыз(мысалы - FAMILIYA)
  • Паспорт нөмірін, сериясын жазыңыз (үлгі N12345678)
  • Рейс нөмірі, тек сандарын жазасыз(мысалы 5237) 
  • Рейстің ұшу күні (01.01.2025)
Қалай рәсімдеу керек?
  • Жолаушыға бронь жасағаннан кейін "Қызмет сатып алу" тетігін басыңыз
  • Қызмет түрін таңдаңыз
  • E-mail  жазыңыз
  • "Келісемін және ережелерді қабылдаймын" тетігін басыңыз
  • "Қазір төлеу" тетігін басыңыз

Банк картасымен төлем жасауда проблема туындаса не істеу керек?

Тапсырыс ақысын  банк картасымен төлей алмасаңыз, оның бірнеше себебі бар:   

Картаңыздағы ақша сомасы жеткіліксіз;
Сіздің картаңыз Интернет арқылы төлем жүргізе алмайды;
Банк тарапынан күнделікті аударым/төлемдерге шектеу қойған болса да, картамен төлем жасай алмайсыз. Осы мәселелерді шешу үшін банк қызметкерімен байланысыңыз.  

Төлемді қандай валютамен жасауға болады?

Сайтта валютаның екі түрін қолдануға болады: 

KZT
RUB
Елге кіру ережелері

Түркия еліне кіру талаптары

Қазақстан азаматтарына виза рәсімдеудің қажеті жоқ (егер бұл елде жүру уақыты 90 күннен аспаса), тек ҚР-на қайтқан сәттен паспортының пайдалану мерзімі 6 айдан кем болмауы керек.  

Мысыр еліне кіру талаптары

Шарм-эш-Шейх    

1. Шарм-эш-Шейхке келген туристердің барлығының құжатына «Sinai only» мөрі басылады - бұл Синай түбегінде 15 күнге дейін тіркеусіз жүруге мүмкіндік береді. 

2. Егер туристер Шарм-эш-Шейхте 15 күннен артық уақыт болса, олар виза рәсімдеп(25$), тіркеуден(15$) өтуі керек.

Хургада

Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары, жас ерекшелігіне қарамай, әуежайға келгеннен кейін Виза рәсімдеуі(құны - 25 АҚШ доллары) және міндетті түрде тіркеуден өтуі керек   (15 АҚШ доллары).

Мерса-Матрух

Қазақстан азаматтары, жас ерекшелігіне қарамай, ұшып келгеннен кейін Виза(25$) алуы тиіс.

Вьетнам еліне кіру талаптары

Визалар

2024 жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстан азаматтары Вьетнам елінде 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Азаматтың паспортын пайдалану мерзімі - Қазақстанға келгеннен кейінгі уақытта - 6 айдан кем болмауы керек.   Шекарадан өткен сәттен бастап, елде тұру мерзімі 30 күннен аспауы тиіс. Ал, жалпы 180 күн ішінде 90 күн болуға мүмкіндік бар.Қазақстан азаматтары Вьетнамда 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Ал 30 күннен артық болсаңыз, виза рәсімдеуіңіз керек.

Визаны алу жолы:
Ұшу алдын E-visa - электронды визасын рәсімдеу қажет. Бұл құжат ұшқанға дейін 6-10 жұмыс күндері ішінде беріледі. 

Визаны алдын ала рәсімдеу құны:
— 40 долл

Қажетті құжаттар
- паспорт суреті
- 4*6 екі фото

Тайланд еліне кіру талаптары

Таиланд шекарасынан өтетін турист паспортының жарамдылық мерзімі - Корольдіктен шығу жоспарланған күннен бастап кемінде 6 ай болуы тиіс.
2024 жылғы 15 шілдеден бастап, 93 елдің - оның ішінде Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Балтық елдері және Шығыс Еуропа елдерінің азаматтары Таиланд Корольдігіне визасыз және визалық төлемдерсіз кіріп, елде 60 күнге дейін бола алады. Бұл қаулы Таиланд Ішкі істер министрімен бекітіліп күшіне енді.

Қытай еліне кіру талаптары

Қазақстан және Ресей елінің азаматтары, Қазақстаннан Хайнань аралына тікелей чартерлік рейстермен ұшып келгенде, аралда 30 күнге дейін визасыз бола алады. Оларға топтық виза қажет емес. Санья қаласына келгенде туристер шетелдік паспортымен құжаттық және кедендік бақылаудан өтеді.

Камбоджа еліне кіру талаптары

СНГ елдерінің азаматтары Камбоджа еліне саяхаттау үшін виза рәсімдеу қажет.
Визаны бірнеше тәсілмен алуға болады, ол - ұшу уақыты мен төлем мүмкіндігіне байланысты:

1. Картамен төлем жасайтын болсаңыз және ұшудан 3 күн алдын:
Туристік e-Visaсына ("Т" түрі) картамен төлеп, сайт арқылы рәсімдеңіз. Бұл паспорттық бақылаудан өтуді және ұшып келгенде багаж алуды тездетеді. Виза құны - 36-37 доллар.

2. Картамен төлеуге мүмкіндігі жоқ немесе уақыты 3 күннен де аз адамдар үшін:
Елге келгенде қолма-қол төлеммен E-Arrival визасын таңдаңыз. Камбоджа әуежайларында сауалнаманы тез толтыру үшін Wi-Fi және QR кодтар бар, ал  рәсімдеуге осындағы қызметкерлер көмектеседі. Елге келген кезде виза алу бағасы - 30 доллар. Күрделілік болмас үшін ірі номиналды купюраларды майдарағына алмастырып қойыңыз. 

3. Визаны алдын ала рәсімдеуге мүмкіндігі жоқ немесе үлгермеген азаматтар:
2-ші тармақтағыдай, қолма-қол төлеммен E-Arrival визасын таңдайсыз. Бірақ бүкіл процесс (сауалнаманы толтыру, төлем жасау, төлқұжатты тексеру) әуежайда өтеді, сондықтан біраз уақытты алуы мүмкін.

МАҢЫЗДЫ:
Барлық саяхатшылар Cambodia e-Arrival көші-қон картасын толтыруы тиіс. Arrival.gov.kh картасын толтырып, электронды визаға жіберуге болады. Cambodia e-Arrival - Камбоджаға келуді жеңілдететін, қағазды алмастыратын жаңа жүйе. Сауалнаманы толтырғаннан кейін туристер QR кодын алады.. Оны сақтап алып, шекарадан өту кезінде көрсету керек. Cambodia e-Arrival - бұл виза емес.

Қосымша ақпарат:
Саяхатшылардың барлығы елге келмей тұрып, 7 күн бұрын электронды визаға өтініш бере алады, ал туристік визаның жарамдылық мерзімі - 30 күн.

Жолаушылар ерекше санаты

Білу маңызды: көмек қажет болса, бізге хабарласыңыз

Жәй қозғалатын жолаушыларды тасымалдауда көмек қажет, сондықтан  жолаушының ыңғайлылығы үшін әуекомпаниямен келісім жасалады.
Келісім үшін әуекомпанияға ұшудан 48 сағат алдын хабарласуыңыз қажет, бұл әрекетіңіз әуежайға ақпаратты дер кезінде беріп, жолаушыға дұрыс, уақтылы көмек беруге көмектеседі. 

Келісім үшін не қажет:
Көмекті қажет ететін жолаушының аты-жөні
Рейстің нөмірі, ұшатын күні, уақыты
Қандай көмек қажет: ұшақтың бортына дейін жеткізу және арбаның қажеттілігі, баспалдақпен көтерілу немесе төмен түсу, салондағы орнына отырғызу
Егер жолаушының өз кресло-арбасы болса, оның бүктелген және жайылған күйін көрсетіңіз. Басқару түрі: қолмен немесе батареямен. Егер арба тоқпен жүретін болса, батарея түрін көрсетесіз.

Егер аяғы сынған болса не істеу керек?

Егер медициналық қарсы көрсетілімдері болмаса, гипстелген аяқпен ұшуға болады. Балдақтар, таяқтар және жәй қозғалатын жолаушыларға қажетті басқа да құралдар тегін тасымалданады.

Арбаны қалай тасымалдауға болады?

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар мүгедектер арбасын тегін тасымалдайды
Кресло-арбаны ұшақ трапына дейін пайдалануға болады, содан кейін оны багажға тапсыра аласыз. Жолаушыға баспалдақпен көтерілуге және орындыққа жайғасуға көмектеседі. Ұшып келгеннен кейін кресло-арба ұшақтан шыққан жолаушыға қайтарылады.
Арбаны багажға рейске тіркеу кезінде де тапсыруға болады, мұндайда әуежай тарапынан жеке арба беріледі және жолаушыны ұшаққа жеткізуге көмектеседі. Ары қарай жолаушыны әуежай қызметкерлері қарсы алып, соңынан кресло-арбасын алуға - багажды беру аймағына дейін жеткізеді.
Баламен немесе жүктілік кезінде ұшу

Салонға балалар тағамын алып өтуге бола ма?

Ұшаққа отырарда балаға қажетті тағамның бәрін алуға болады: ыдыстағы қоспа, алдын ала дайындалған, бөтелкеге құйылған қоспа, суы бар термос, пюре. Балалар тағамының көлеміне немесе құрамына қатысты қатаң шектеулер жоқ.

Жаңа туған нәрестемен ұшуға бола ма?

Жаңа туған нәрестемен, әсіресе, алғашқы жеті күн ішінде, мейлінше ұшпаған дұрыс.
Туылғанына жеті күн өтпеген нәрестемен ұшу аса қажет болған жағдайда немесе бала мерзімінен бұрын туған жағдайда, баланың анасы әуе тасымалының салдары үшін жауапкершілікті өз мойнына алатыны және әуекомпанияны ол жауапкершіліктен босататыны туралы кепілдік қолхатын толтырады. Ұшу алдын әуекомпанияны ұшу кезіндегі ықтимал салдары үшін жауапкершіліктен босату туралы қолхатты екі данада толтырады.

Жүкті әйел рейске шыға ала ма?

Мұндай жағдайда, әуекомпания Сіздің және балаларыңыздың денсаулығына қамқорлық таныта отырып, әуе тасымалына қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды алуды ұсынады.
Жүктілік мерзімі - бір ұрықты жүктілік кезінде - 34 аптадан асатын әйелдер, ал бірнеше ұрықты жүктілік кезінде - 32 аптадан аспайтын мерзімде "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 026/Е нысанының жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы ұсынылады, оны медициналық ұйым тасымалдауға дейін күнтізбелік 30 күннен ерте емес мерзімде рәсімдеуі керек. Бұл ана мен баланың денсаулығын сақтауға қатысты талап етіледі.