Анықтама ақпараты
Багажды тасымалдау ережелері мен талаптары

Чартерлі рейстерге рәсімделген багажды тасымалдау ережелері

OPTIMUM 1 PC/ 23 KG - қолданылатын тариф түрі. 1 орын - 23 кг. Биіктігі+ені+тереңдігі 158 см

Менің билетімде 1PC деп көрсетілген. Бұл нені білдіреді?

Piece concept - багаж орнын білдіреді, PC алдындағы сан - чемодан саны. Есіңізде болсын, сіздің багажыңыздың өлшем - үш өлшемнің қосындысы бойынша 158 см-ден аспауы керек: ұзындығы, ені, биіктігі. Әуекомпанияның чартерлік рейстерінде рұқсат етілген багаждың салмағы - 23 кг.

Алкоголь мен темекіні тасымалдау талаптары

Египет
 1 литр алкоголь / 2 литр сыра
50 сигара, 250 гр темекі, 200 темекі

Тайланд
1 литр спритті ішімдік
50 сигара, 250 гр темекі, 200 темекі

Қытай
1,5 литра спиртных напитков 
100 сигара, 500 гр темекі,  400 темекі

Турция

22%-дан жоғары алкоголь - 1 литр/ 22% төмен - 2 литр    
50 сигара, 200 гр темекі, 200 темекі

Вьетнам

20%-дан жоғары алкоголь - 1,5 литр/ 20% төмен - 2 литр/ сыра - 3 литр   
100 сигара, 500 гр темекі, 2 блок темекі 

Жеміс-жидекті қаптау

Жеміс-жидекті зақымданудан сақтау үшін қатты контейнерлерді немесе қораптарды/корзиналарды пайдаланыңыз. Сондай-ақ, оны қорғау үшін көпіршікті пленканы да қолдануға болады. Жемістер бір-біріне тимегені дұрыс, сонда олар зақымдалмайды. Орауыштың ішіндегі бос орындарын жұмсақ материалмен (мысалы, газеттермен немесе поролонмен) толтырыңыз. Орауышта ішінде жеміс-жидек бар екені және ол тез бұзылатын өнім екендігі туралы ақпарат болуы керек. Дуриан және кокос сияқты жемістерді тасымалдауға тыйым салынады.

Жеміс-жидекті тіркеу

Жеміс-жидек тек багаж бөлімінде тасымалданады. Олар тегін багаж талабына кірмейді. Тіркеу үстелінде төлем жасап, рәсімдеуіңіз қажет.
Қол жүгі

Ұшаққа не алып өтуге болады?

Тегін тасымалданатын, белгіленген нормадан тыс алып өтуге болатын заттардан басқа, жолаушы өзімен бірге отырғызу, түсіру немесе ұшуда қажет болуы мүмкін заттарды (қажетті заттар) алып жүруге құқылы
Заттарға(қажетті заттарға) мыналар жатады: 
  • Рюкзак, әйелдер қол сөмкесі, заттар салынған портфель; 
  • шатыр;
  • Гүл шоғы;
  • ұшуда қажет болатын балалар тамағы;
  • портпледтегі костюм;
  • дәрілер,  ингалятор, салмағы 5 кг аспайтын оттегі баллоны;
  • Балдақтар, таяқтар, төрт аяқты тірек таяғы, роллаторлар, жиналатын кресло-арба, аяқ-қол протездері; 
Медициналық көрсеткіштер бойынша бекітілген балалар тағамы және арнайы диеталық тамақтануды қоспағанда, ашытылған сүт өнімдерін,  шикі ет пен құрамында шикі ет бар өнімдерді багаж және қол жүгі ретінде тасымалдауға болмайды, тыйым салынады.

Қол жүгін тасымалдау талаптары

1 орын - 5 кг
Максималды өлшемі: 55х40х20 см

Қосымша қол жүгін алып өту бағасы қанша?

Салмағы 10 кг дейін, биіктігі - ені, тереңдігі 55х40х20 см
Ішкі рейстерде 15 000 KZT
Халықаралық рейстерде 40 USD
Қосымша багаж

Бұрын алынған билетке багажды қалай қосуға болады?

Мұны SUNDAY Airlines сайтында істеуге болады.     

Мұны жасау үшін сайттың "қосымша қызмет" - "қосымша багаж" бөліміне өтіп, әр жолаушыға 23 кг дейінгі қосымша багаждағы бір немесе екі сөмке тетігін таңдаңыз. Тапсырысты банк картасымен төлеңіз, сатып алуды растау хабарламасы сіздің электронды поштаңызға келеді.
Бұл қызмет әуебилеті бар жолаушыларға ғана көрсетіледі.  

Қайдан іздеу керек?
Жәй ғана, «Қосымша қызметтер» бөліміне кіріп, «Ұшақта орын таңдау» дегенге басыңыз.

Қалай өтемін?
  •  Тегіңізді(фамилия) латын әріптерімен жазыңыз (мысалы - FAMILIYA)
  •  Паспорт нөмірін, сериясын жазыңыз (үлгі N12345678)
  •  Номер рейса, только цифровые значения, мысалы (5237)
  •  Рейстің ұшатын күні (01.01.2025)

Қалай рәсімдеу керек?
  • Жолаушыға билет броньдағаннан кейін "Қызмет түрлерін сатып алу" тетігін басыңыз.
  • Қызмет түрін таңдаңыз
  • Электронды поштаңызды жазыңыз
  • "Келісемін және ережені қабылдаймын" тетігін басыңыз
  • "Қазір төлеу" тетігін басыңыз


         

"Қосымша багаж" қызметін пайдаланған жоқпын. Одан бас тартып, ақшаны қалай қайтаруға болады?

Иә, бұл қызметтен бас тартып, ақшаны қайтаруыңызға болады. Ол үшін SCAT әуекомпаниясының сату офисіне немесе onr@scat.kz және travel@scat.kz электронды пошталарына хабарласуыңыз қажет.

Төлемді қандай валютамен жасауға болады?

Сайтта төлем жасауға валютаның екі түрі қолданылады:

KZT
RUB

Қазақстанның банк картасымен төлем жасау үшін сайттың жоғарғы жағындағы оң жақ бұрышынан KZT валютасын таңдау қажет.
Ресейдің банк картасымен төлем жасау үшін сайттың жоғарғы жағындағы оң жақ бұрышынан RUB валютасын таңдау қажет.

Қосымша багаж ақысы қанша тұрады?

Егер сіздің затыңыз тариф бойынша тасымалдауға рұқсат етілгеннен көп болса, оны шешу жолы бар: қосымша багаж орнын сатып алуыңыз керек.
   

1 орынға 23 кг, ені+биіктігі+тереңдігі 158 см.
Халықаралық рейстер:  30 USD 

1 орынға 23 кг, ені+биіктігі+тереңдігі 215 см.
Халықаралық рейстер:  35 USD 

1 орынға 32 кг, ені+биіктігі+тереңдігі 158 см.
Халықаралық рейстер:  40 USD

1 орынға 32 кг, ені+биіктігі+тереңдігі 215 см.
Халықаралық рейстер:  45 USD 
 
Жануарларды тасымалдау

Үй жануарларын тасымалдау бағасы қанша?

Тасымалдау түрі: тор немесе контейнер

8 кг дейін - 40 USD

8 кг-нан 14 кг-ға дейін - 70 USD

14 кг-нан 23 кг-ға дейін - 115 USD

23 кг-нан 32 кг-ға дейін - 160 USD

Үй жануарларын тасымалдау туралы өтінішті қалай жіберуге болады?

Үй жануарымен ұшу үшін міндетті түрде әуекомпанияның келісімін алуыңыз керек. Тасымалдау туралы хабарламаны туроператор арқылы немесе onr@scat.kz поштасы арқылы жіберуге болады.

Жануарды тасымалдауға рұқсат бермеуі мүмкін бе?

Иә, тасымалдаушы әуекомпания ұшақтың түріне, бағытына, коммерциялық жүктемесіне және т.б. жағдайларға байланысты бір рейсте жануарлардың санын шектеуге құқылы.

Жануарды тасымалдай аламын ба?

Әуекомпания үй жануарларын тасымалдауға рұқсат етеді. Біз сіздің үй жануарыңыздың қауіпсіздігін сақтап, күйзеліске ұшырамай жеткізілуіне жауап береміз. Ол үшін бәрін жасауға дайынбыз.

Жануарлар мен құстарды рейске қабылдау үшін Әуекомпанияның өзі растаған келісімі қажет және халықаралық рейстерге қабылдау үшін - баратын елдің немесе транзит арқылы өтетін елдің рұқсаты болуы тиіс.

Құстарды тасымалдау үшін оларды ұстайтын торлар жарық өткізбейтін материалмен жабылуы керек.

Жануарларды тасымалдау ақысы багаж және қол жүгін тегін тасымалдау нормасына кірмейді. Оларды тасымалдау ақысы арнайы багаж тарифтері бойынша есептеледі.

Жануарлар багаж бөлімінде тасымалданады.

Көру/есту қабілеті нашар жолаушымен бірге жүретін бағыттаушы ит әуе кемесінің салонында тегін тасымалданады.

Балалар арбасы

Балалар арбасын трапта қалай өткізеді?

Егер де балалар арбасы тіркеу үстелінде рейске тіркелсе және оған тиісті бирка тағылған болса, ұшақ трапында тапсырып, кейін алуға болады.

Жолаушы арбаны ұшаққа отырғанға дейін пайдалана алады. Және ұшаққа отырғызылмас бұрын міндетті түрде багаж бөліміне жіберіледі. Әуежай қауіпсіздігінің талаптарына байланысты, балалар арбасын отырғызуға дейін пайдалану және ұшақ қонған соң ұшақтың бортына алу мүмкіндігі шектелуі мүмкін.

Қол жүгінің көлемі шектен тыс болса, балалар арбасын қалай алып өтуге болады?

Если коляска в свернутом состоянии превышает габариты ручной клади (55×40×20 см , вес более 10кг), она перевозится в багажном отделении ВС в качестве зарегистрированного багажа сверх установленной нормы без взимания оплаты. Детская коляска, габариты которой превышают 55×40×20 см, вес более 10кг должна быть предъявлена при регистрации пассажира для маркировки багажной биркой и должна быть сдана на стойке регистрации.

Балалар арбасын қалай алып жүруге болады?

Егер де арбаның көлемі (жинақталған күйінде және барлық құрамдас бөліктерімен бірге) қол жүгі мөлшеріне сәйкес келсе (55×40×20 см) және салмағы 10 кг-нан аспаса, жолаушы қол жүгіне рұқсат етілген шекті мөлшерден тыс - жинақталатын бір арбаны ұшақ салонында тасымалдай алады. 
Астында жүзу құралдарын тасымалдау

Спорт жабдықтарының бір жиынтығына не кіреді?

Су астында жүзу құралдарының жиынтығына келесі жабдықтардың бір-бір данасы кіреді:
Сығылған ауа баллоны;
баллонға арналған белдіктер; 
Регулятор;
өлшеу құралы;
маска / пышақ / шам
су астында аң аулауға арналған мылтық;
Гидрокостюм/1 жұп ласта/ 1 жұп аяқ киім мен шұлық / қорғану жилеті.

Келісім талап етіле ме?

Су астында жүзу құралдарын тасымалдау барысын әуекомпаниямен алдын ала келісу қажет.
Әуетасымалдауға тек бос баллондар қабылданады, клапаны ашық немесе алынған болуы тиіс. Жабдық арнайы қаптамаға оралады.

Тегін тасымалдау багажы нормасына кіре ме?

Су астында жүзу құралдарын тасымалдау тегін багаж нормасына кіреді.
Балық аулауға қажетті жабдық

Келісім талап етіле ме?

Балық аулауға арналған жабдықтарды тасымалдау үшін әуекомпаниямен алдын ала келісу қажет.

Балық аулауға арналған құралдар тегін тасымалдау багаж нормасына кіре ме?

Балық аулауға арналған құралдарды тасымалдау тегін багаж нормасына кіреді.
Қауіпті заттар

Әуе тасымалында қандай заттарға тыйым салынады?

1. Сығылған және сұйытылған газдар; 
2. Жеңіл тұтанатын сұйықтықтар;
3. Тұтанғыш қатты заттар;
4. Қышқыл бөлетін заттар мен органикалық пероксидтер;
5. Улы заттар;
6. Радиоактивті материалдар; 
7. Иісті, металлдарды бүлдіретін және коррозиялық заттар 
8. Уытты және уландырғыш заттар.