Сусындар:
Жергілікті сырадан бастап, жоғары сапалы ликер мен вискиге дейін кең таңдау бар
Далат шарабы жұмсақ дәмімен танымал
Сусындардың түрі де сан алуан: жаңадан сығылған шырындар, жеміс коктейльдері, жасыл шәй және вьетнам кофесі (қою сүтпен немесе мұзбен беріледі)
Банктерде, айырбастау пункттерінде, әуежайларда және қонақ үйлерде ауыстыруға болады.
АҚШ долларын туристік орандарда қабылдай береді, сондықтан бүкіл ақшаңызды донгке ауыстыру міндетті емес.
Доллармен төлем жасасаңыз, қайтаратын ақша донгпен берілуі мүмкін.
Валютаға сомасына қойлатын шектеу:
5000 АҚШ долларына дейін декларациясыз өткізуге рұқсат етіледі.
Тілі
Ресми тіл – вьетнам тілі.
Уақыт айырмасы:
Астана уақытымен салыстырғанда +1 сағат.
Түнде жүргенде жүгіңізді көзден таса қалдырмаңыз – көлікте ұрлық жиі кездеседі.
Әскери нысандар мен форма киген адамдарды суретке түсіруге тыйым салынған – бұл жергілікті билік бекіткен талап, сондықтан қиындық тудыруы мүмкін.
Вьетнамда ұстамдылық, сабыр сақтау өте маңызды - қатты дауыстап сөйлесу, қатты күлу, шектен тыс қимылдау немесе көпшілік алдында сүйісу әдепсіздік саналады.
Вьетнамдықтар үшін егеуқұйрықтар өте үйреншікті жәндік, кейбір жерлерде оны мысықтардай жақсы көреді - кафеде көрсеңіз, таңғалмаңыз.
Антиквариат, өнер туындылары, қолөнер бұйымдары мен әшекей заттарды елден шығару үшін арнайы рұқсат талап етіледіВьетнамда балалармен демалған ыңғайлы. Ойын-сауық орталықтары өте көп.
Су үстіндегі қуыршақ театры – дәстүрлі қойылымдар.
Ho Tay Water Park – сырғанақтар мен бассейндер бар аквапарк.
"Тху Ле" хайуанаттар бағы – экзотикалық жануарлармен танысу.
Этнология мұражайы – ашық аспан астындағы этнография кешені.
Vinpearl Land – су аттракциондары паркі.
Чи Нгуен аквариумы – Вьетнамның су асты әлемі.
Хон Лао Маймылдар аралы – ерекше табиғи аймақ.
Дай Нам аттракциондар паркі – жасанды теңіз және түрлі аттракциондар.
Dam Sen аквапаркі – судағы ойын-сауық кешендері. Түрлері өте көп.
Сафари-парк – жабайы жануарларды табиғи ортада көру мүмкіндігі.
VinWonders –отбасыға арналған үлкен ойын-сауық паркі.
Визасыз болу мерзімі – 30 күн (күнтізбелік).
180 күн ішінде елде 90 күннен артық жүруге болмайды.
Егер 30 күннен ұзақ болуды жоспарласаңыз, виза рәсімдеуіңіз қажет.
Электронды виза (E-visa) алдын ала рәсімделуі мүмкін.
Өтінішті ұшуға дейін 6-10 жұмыс күні бұрын беруіңіз керек.
Құны - 40 АҚШ доллары (бір төлқұжатқа).
Төлқұжаттың фотосы.
4×6 см екі фото.