Sunday Airlines компаниясын сіз үшін одан да жақсырақ ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
«Рұқсат ету» түймесін басу арқылы сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз және Құпиялылық саясаты
Рұқсат ету
Таиланд
Таиланд
Таиландқа саяхат - жарқын эмоциялар, экзотикалық табиғатта серуендеу және бай мәдениетімен танысу. Аппақ құмды жағажайлар, ерекше сәулетті ғибадатханалар, базарлар және тай асүйлерінің тіл үйірер тағамдары сізді бейжәй қалдырмайды.
Таиландқа саяхат

- жарқын эмоциялар, экзотикалық табиғатта серуендеу және бай мәдениетімен танысу.
Аппақ құмды жағажайлар, ерекше сәулетті ғибадатханалар, базарлар және тай асүйлерінің тіл үйірер тағамдары сізді бейжәй қалдырмайды.

 Ауа-райы:

Тайланд - жыл бойы жылы болып тұратын тропикалық ел. Елде орташа температура: +25…+35°C, бірақ ауа райы маусымға қарай және әр өңірде өзгеріп тұрады

Маусым:

Құрғақ маусым (қараша – сәуір):

Жауын-шашын аз, +28…+33°C, желі жағымды. Туристік маусым қызатын шақ осы.
Ыстық маусым (наурыз – мамыр):
Ауа температурасы  +35…+40°C дейін жетеді, әсіресе елдің орталығы мен солтүстігінде ыстық болады.
Жағалауда теңіз самалының әсерінен ыстықты оншалықты сезбейсіз

Жаңбырлы маусым (мамыр – қазан):

Қатты, бірақ қысқа тропикалық жаңбыр, әсіресе маусым–қыркүйек аралығында жиі болады.
Жаңбыр жылдам өтеді, артынан салқын ауа мен табиғаттың «әдемі тыныс алғанын» байқайсыз.

Тамақ және сусындар 

Таиланд асханасы - бұл ащы, қышқыл-тәтті және хош иісті дәмнің үйлесімі.

Әйгілі тағамдар:

  • Пад Тай – қуырылған лапша, креветкалармен.
  • Том Ям –теңіз өнімдерінен жасалған ащы сорпа.
  • Кхао Пад – қуырылған күріш, етпен немесе теңіз өнімдерімен беріледі.

Қайда тамақтануға болады:

  • Мейрамханаларда – жайлы кешкі ас.
  • Көше тағамдары – арзан әрі дәмді, бірақ тексерілген орындарды таңдаңыз.
  • Түнгі базарларда алуан түрлі тағам түрлері, жемістер көп.

Сусындар:

  • Сүт қосылған Тай шайы, жеміс коктейльдері.
  • Сингха, Чанг – танымал жергілікті сыра.
  • Меконг – тайлық ром.

Пайдалы кеңес:

  • Асқа көбінде ащы қосып дайындайды – «no spicy» деп алдын ала ескертіп айтуға болады.

  • Тек бөтелкедегі суды ішіңіз.

 

 Балаларға арналған орындар

Су аттракциондары:

Жағажайлар, снорклинг, бананға міну.

Аквапарктер: Ramayana (Паттайя), Splash Jungle (Пхукет).


Зообақтар мен фермалар:

Khao Kheow сафари-паркі (Паттайя), Dusit Zoo (Бангкок).

Пілдермен, жолбарыстармен, керіктермен жақынырақ танысуға болатын фермалар.


Саябақтар мен аттракциондар:

Dream World (Бангкок) – көңіл көтеру паркі.

Dino Park (Пхукет) – динозаврлармен мини-гольф.

Арқанды парктер, пілдерге міну.

 
Океанариумдар мен шоу:

Siam Ocean World (Бангкок), Phuket Aquarium.

Дельфинариум, цирк қойылымдары.


Мәдени демалыс:

Phuket Fantasea – мифология шоуы.

Аспаздық шеберлік сабақтары!

ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Фотосурет және қоғамдық тәртіп:

  • Патша отбасын, әскери нысандар мен мемлекеттік мекемелерді суретке түсіруге болмайды.
  • Таиландта ашулану, дауыс көтеру және дәстүрлерді құрметтемеу жағымсыз қабылданады.

Қоғамдық орындарда сақ болыңыз:

  • Жағажайлар, базарлар мен туристік аймақтарда қалта ұрылары кездесуі мүмкін – заттарыңызға абай болыңыз.

  • Көше саудагерлерімен саудаласқанда мұқият болыңыз, бағаны көтеріп, шатастыратындар табылады.

ВАЛЮТА

Ресми валюта – тай баты (THB), 1 бат = 100 сатанг.

Валютаны банктерде немесе ресми айырбастау орындарында ауыстырған жөн.

Тілі

Ресми тіл – тай тілі.

Туристік аймақтарда ағылшын тілінде сөйлейтіндер жиі кездеседі.

ВИЗА және елге кіру ережелері

Паспорт Таиландтан шығу күнінен бастап кемінде 6 ай мерзімге жарамды болуы тиіс

2025 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстан азаматтары да кіретін барлық шетелдік азаматтар үшін Таиландқа кіру тәртібі өзгереді – бұрынғы TM.6 кіру картасының орнына цифрлық кіру картасын (Thailand Digital Arrival Card, TDAC) толтыру қажет болады.

TDAC-ты қалай және қашан толтыруға болады:

TDAC картасын келуден үш күн бұрын толтыруға болады.
Мысалы, егер сіз Таиландқа 5 мамырда ұшуды жоспарласаңыз, толтыруды 2 мамырдан бастауға болады.

Форма Таиланд Иммиграциялық бюросының ресми порталында қолжетімді.

Картаны жеке де, барлық топ үшін де толтыра аласыз. Мәліметтерді ұшар алдында кез келген уақытта өзгертуге болады. Анкетаға келесі ақпарат енгізілуі қажет:

  • паспорт деректері;
  • жеке мәліметтер;
  • саяхат мақсаты мен қосымша ақпарат;
  • Таиландтағы тұру мекен-жайы;
  • қысқаша медициналық декларация.
TDAC-ты толтырудан:
  • паспорт бақылауынан өтпей, Таиланд арқылы транзитпен өтетін жолаушылар
  • шекаралық рұқсатпен (Border Pass) кіретіндер босатылады

Кедендік шектеулер:

  • Үлкен сомада ақша, бағалы бұйымдарды әкелу/әкету жағын елшілікте нақтылап алу қажет.

  • Темекі мен ішімдік алып кіру шектелген. Толығырақ: www.customs.go.th

  • Артық мөлшерде темекі немесе ішімдік әкелгендерге айыппұл салынады.