Sunday Airlines компаниясын сіз үшін одан да жақсырақ ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
«Рұқсат ету» түймесін басу арқылы сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз және Құпиялылық саясаты
Рұқсат ету
Мысыр
Мысыр
Құпияға толы Мысыр - алып пирамидалар елі, суы көкпеңбек Қызыл теңіз және ежелгі өркениеттің баға жетпес мұрасы!

ЕГИПЕТ

Құпияға толы Мысыр - алып пирамидалар елі, суы көкпеңбек Қызыл теңіз және ежелгі өркениеттің баға жетпес мұрасы!

Sunday Airlines компаниясы Шарм-эш-Шейхке Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Ақтөбе және Орал қалаларынан тікелей рейстер орындайды.

  АУА-РАЙЫ

Египеттің климаты жылы, басқа елдерден шуақты ауа райымен ерекшеленеді. Ауаның орташа температурасы +25-тен +35°C аралығында өзгеріп отырады, ал жазда, әсіресе, тамыз айында, +39°C-қа дейін жетуі мүмкін.

Саяхаттауға ең қолайлы кезең – сәуір мен қараша аралығы, жағажайда демалып, экскурсияларға шығуға өте ыңғайлы уақыт.

Қыс (желтоқсан – ақпан): ауа температурасы +20…+25°C, су салқындау болуы мүмкін, кейбір өңірлерінде қатты жел тұруы ықтимал.

Жаз (маусым – тамыз): аптап ыстық кезеңі, бірақ климаты құрғақ болғандықтан, бұл ыстық ылғалдылығы жоғары басқа елдерге қарағанда, жеңіл қабылданады.

 

Тамағы және сусын түрлері

Дәстүрлі Мысыр тағамдары - хош иісті дәмдеуіштер, ет және көкөніс, теңіз өнімдері мен бұршақтың сан алуан түрі. Туристерге танымал және ұнамды.

Фуль медамес – сарымсақ пен лимон қосылған бұқтырылған бұршақ,

Кушари – макарон, күріш пен ноқат және қызанақ соусы,

Шаурма мен кәуаптар – грильде дайындалған ет тағамдары,

Амлух – дәмдеуіштермен пеште пісірілген балық.

Көп мейрамханаларда еуропалық тағамдар ұсынылады. Қонақ үйлерде "барлығы қосылған" жүйесі қолданылады. Тек бөтелкедегі суды ішіңіз.

 

Қонақ үйлер

Египет курорттарында отбасылық демалысқа барлық жағдай жасалған: үлкен құмды жағажайлар, теңізге жайлап түсетін жағалар және балаларға арналған ойын-сауық орталықтар, алаңдар көп. Қонақ үйлерде анимациялық бағдарламалар, балалар бассейндері және мини-клубтар жұмыс істейді. Балалармен демалуға ең қолайлы кезең – көктем мен күз айлары, жазда да жақсы демалуға болады, ыстықтау, дегенмен өте жағымды.

 

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР. ҚАУІПСІЗДІК:
  • Дрондар мен ұшатын құрылғыларды елге кіргізуге тыйым салынған. Ереже бұзған жағдайда айыппұл салынады, құрылғы тәркіленеді, кейде қамауға алуы да мүмкін.

  • Маржан, теңіз қабыршағы, жануар мүсіндері мен піл сүйегі сияқты заттарды елден шығаруға болмайды. Егер сондай сувенир алсаңыз, дүкенде берілген чекті сақтаңыз.

  • Кальян сатып алғанда, оның металл бөлшектерін багажға тапсыруды ұмытпаңыз.

  • Duty-Free дүкендерінен келгеннен кейін 48 сағат ішінде төлқұжатты көрсетіп, 2 литр алкоголь және 24 банкі сыра сатып алуға болады.

  •  Суды құбырдан ішуге болмайды. Тіпті тіс тазалаған кезде де бөтелкедегі суды пайдаланыңыз.

  •  Теңізде шомылғанда арнайы аяқ киім киіңіз - жарақаттанудан сақтайды.

ВАЛЮТА:

Египеттің ресми ақшасы - египет фунты (EGP), 1 фунт = 100 пиастр. Валютаны арнайы орындарда, банктерде, қонақ үйлерде айырбастаған дұрыс. Ірі қалалар мен туристік аймақтарда банкоматтар бар.

Тілі

Ресми тіл - араб тілі. Туристік орындарда ағылшын және орыс тілі жиі қолданылады.

Уақыт айырмасы

Астана уақытымен салыстырғанда -3 сағат.

 

 Виза

Виза және елге кіру талаптары:

Шарм-эш-Шейх
Шарм-эш-Шейхке келген туристерге “Sinai only” тегін мөрі басылады, ол Синай түбегінде 15 күнге дейін тіркеусіз жүруге мүмкіндік береді.
15 күннен ұзақ болсаңыз немесе Синайдан тыс аймақтарға бару үшін виза алып(25 доллар), тіркелуіңіз (15 доллар) қажет.

Хургада
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары келген кезде виза (25 доллар) рәсімдеп, тіркеуден (15 доллар) өтуі қажет.

Мерса-Матрух
Қазақстан азаматтары да визаны(25 доллар) әуежайда рәсімдейді.

Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары чартерлік рейспен келген жағдайда визаны әуежайда ала алады. Алайда, Каир немесе басқа қалалар арқылы келетін болсаңыз, визаны алдын ала елшілікте рәсімдеу керек.

Тәжікстан азаматтары Қазақстан азаматтарымен бірдей шарттармен кіреді, бірақ төлқұжат көшірмелерін ұшудан 3 күн алдын жіберуі керек.

 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ


Мысырға толық тур пакетінсіз (тек әуе билеті) келетін Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары өз елдеріндегі Мысыр елшілігінен алдын ала виза және Ұлттық қауіпсіздік қызметінің рұқсатын алуы керек.

Жаңа ережелерге сәйкес, Өзбекстан азаматтары Мысырға 22 жастан бастап еріп жүрусіз кіре алады.

Осы жасқа дейін олар ата-аналарымен бірге жүруі керек.Егер қонақтардың тегі әртүрлі болса, туу туралы куәлік қажет.

ҚР РЕЗИДЕНТТЕРІ ЕМЕС адамдар үшін Мысырға турға тапсырыс бермес бұрын, қонақ үй бағаларын менеджермен растауды ұсынамыз, себебі қосымша қонақ үй ақысы алынуы мүмкін.

Сирия азаматтарына уақытша тұруға рұқсаты болмаса, Мысырға кіруге рұқсат етілмейді. Оларға туристік мақсаттарда да рұқсат етілмейді.