Sunday Airlines компаниясын сіз үшін одан да жақсырақ ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
«Рұқсат ету» түймесін басу арқылы сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз және Құпиялылық саясаты
Рұқсат ету
Қытай
Қытай
Қытайға саяхаттаңыз - бұл елде ежелгі дәстүрлер мен заманауи технологиялар үйлесім тауып, бірегей мәдени мұрасы таңғаларлық ауқымымен, алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
ҚЫТАЙ

Қытайға саяхаттаңыз - бұл елде ежелгі дәстүрлер мен заманауи технологиялар үйлесім тауып, бірегей мәдени мұрасы таңғаларлық ауқымымен, алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Sunday Airlines әуекомпаниясы Қазақстаннан Қытайға тікелей чартерлік рейстер орындайды.
Негізгі бағыт – Астана мен Алматы қалаларынан Хайнань аралына (Санья қаласы).

 АУА-РАЙЫ

Қытай аумағы өте үлкен болғандықтан, климаты да әртүрлі:

Көктем (наурыз – мамыр): +15…+25°C, саяхатқа өте қолайлы мезгіл.

Жаз (маусым – тамыз): ыстық, әрі ылғалды (+30…+40°C), жағалау аймақтарында тайфундар болуы мүмкін.

Күз (қыркүйек – қараша): жұмсақ ауа райы, жауын-шашын аз, саяхаттауға тамаша кезең.

Қыс (желтоқсан – ақпан): солтүстігінде -20°C дейін аяз, оңтүстігінде жылы (+10…+20°C) болады.

Ең қолайлы уақыт – көктем мен күз.

Тамағы және сусын түрлері

Асүйлер мен мәзірі:

Пекин асханасы: Пекин үйрегi, түшпара.

Сычуань асханасы: ащы тағамдар, «Мапо тофу».

Кантон асханасы: теңіз өнімдері, димсамдар.

Шанхай асханасы: қышқыл-тәтті тағамдар, сорпалы түшпара.

Кең таңдау: мейрамханалар, көше тағамдары немесе фудкорттар.

Сусындар:

Қытай шайы, қытай сырасы, күріштен жасалған шарап (байцзю), жаңа сығылған шырындар.

Пайдалы кеңестер:

Таяқшалар - негізгі құрал, бірақ қажет болса, шанышқы сұрауға да болады.

Құбырдан су ішуге болмайды – тек бөтелкедегі суды ішіңіз.

 

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР. ҚАУІПСІЗДІК:
  • Фотосурет және қоғамдық тәртіп:

    Әскери нысандарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және стратегиялық объектілерді суретке түсіруге қатаң тыйым салынған.

    Қытайда эмоцияны ашық білдіру әдепсіздік саналады - дауласу, қол сілтеу, агрессия таныту жарамайды.

    Көпшілік орындарда сақ болыңыз:

    Адам көп жиналатын жерлерде (базарлар, вокзалдар, туристік аймақтар) жеке заттарыңызға мұқият болыңыз – қалта ұрлығы болуы мүмкін.

    Түнде жүргенде де абай болыңыз - ұрлық жиі кездеседі.

    Жануарларға деген қарым-қатынас:
    Кей аймақтарда егеуқұйрықтар, тіпті, «сәттілік символы» ретінде қабылданады, сондықтан олар қоғамдық орындарда жүрсе, жергілікті тұрғындар оған назар аудара қоймайды.

ВАЛЮТА

Ресми валюта – қытай юані (CNY), 1 юань = 100 фэнь.

Валютаны банктерде, қонақүйдегі рецепшнде немесе гидтер арқылы ауыстыруға болады.
Маңызды ақпарат: айырбастау чектерін сақтаған дұрыс – оларсыз қалған юаньдерді қайтара алмайсыз.

Қытайда тек юаньмен төлем жасауыңыз керек – шетел валютасын қабылдамайды.

Union Pay – негізгі төлем жүйесі. Халықаралық банк карталары (Visa, Mastercard) сирек қабылданады, арнайы белгілермен көрсетіледі.

Тілі

Ресми тіл – қытай тілі.
Көп тұрғындар ағылшын тілінде сөйлемейді.

Уақыт айырмасы:

Қытай уақыты Астанадан 3 сағат алда жүреді.

Байланыс және интернет

Қытайда «Алтын қалқан» атты интернет жүйесі жұмыс істейді – бірақ, көптеген шетелдік сайттарға қосылу шектелген.

VPN орнату ұтымды – Google, YouTube, Instagram, WhatsApp, Twitter және басқа сервистерге кіру үшін ыңғайлы.
Бірнеше VPN баламасын алдын ала орнатқаныңыз жөн, өйткені кейбіреулері уақытша бұғатталуы мүмкін.

Төтенше қызмет нөмірлері:

      Полиция – 110

Жедел жәрдем – 120

Өрт сөндіру – 119

Туристік полиция (ағылшынша қолдау) – 12301

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі

Мекенжай: 9, Dong 6 Jie, San Li Tun, Beijing, China 100600

Телефон: +86 (010) 653-26-182, 653-24-189

Факс: +86 (010) 653-26-183, 653-24-433

Консулдық бөлім: 653-22-636, 653-29-177

Email: pekin@mfa.kz

Сайт: www.kazembassy.cn/zh

 

Тыйым салынған заттар:

Қытайдан арнайы рұқсатсыз шығаруға болмайтын заттар:

Тарихи құжаттар, өнер туындылары, антиквариат.

Power Bank (қуаты 10 000 мА/сағ астам немесе белгісіз).

Шылым тұтатқыштар мен сіріңке (тіпті жүк сөмкесінде де алып өтуге болмайды).

Кейбір тағамдар: қауын, қарбыз, кокос, дуриан.

Маржан, ұлутас, гүл, өскіндер –  бұл заттар Қытайдың мәдени мұрасына жатады.

 Виза

Виза және елге кіру ережелері:

Қазақстан азаматтары үшін Хайнань аралына 30 күнге дейін визасыз баруға болады(егер чартерлік рейспен ұшсаңыз).

Қазақстандықтар кез келген рейспен (соның ішінде тұрақты рейстермен) ұшып келуге және елден шығуға құқылы.

Ресей азаматтары үшін визасыз кіру тек тікелей рейспен Хайкоу немесе Санья әуежайына ұшып келгенде ғана рұқсат етіледі.

Хайнаньнан тыс жерлерге саяхаттау үшін виза рәсімдеу қажет.

Елге келгенде міндетті түрде миграциялық карта толтырасыз – онсыз елге кіруге рұқсат берілмейді.