Sunday Airlines компаниясын сіз үшін одан да жақсырақ ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
Нажав 'Разрешить', Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookies и с
Құпиялылық саясаты
Менің билетімде 1PC деп көрсетілген. Бұл нені білдіреді?
Piece concept - багаж орнын білдіреді, PC алдындағы сан - чемодан саны. Есіңізде болсын, сіздің багажыңыздың өлшем - үш өлшемнің қосындысы бойынша 158 см-ден аспауы керек: ұзындығы, ені, биіктігі. Әуекомпанияның чартерлік рейстерінде рұқсат етілген багаждың салмағы - 23 кг.
Әуежайдағы тіркеуге қандай құжаттар керек?
Әуежайда тіркеуден өтуге билет алғанда пайдаланған жеке куәлігіңіз қажет. Егер шетелге ұшатын болсаңыз, паспортыңыз керек. Құжатыңыздың пайдалану мерзімін тексеріп қоюды ұмытпаңыз. Ал егер жас бала ата-анасынсыз ұшатын болса, ата-анасының немесе қамқоршысының нотариалды бекітілген келісімі керек.
Банк картасымен төлем жасауда проблема туындаса не істеу керек?
Тапсырыс ақысын банк картасымен төлей алмасаңыз, оның бірнеше себебі бар:
Картаңыздағы ақша сомасы жеткіліксіз; Сіздің картаңыз Интернет арқылы төлем жүргізе алмайды; Банк тарапынан күнделікті аударым/төлемдерге шектеу қойған болса да, картамен төлем жасай алмайсыз. Осы мәселелерді шешу үшін банк қызметкерімен байланысыңыз.
"Орын таңдау" қызметін рәсімдеуге қажетті нұсқаулық
Қайдан іздейміз? Жәй ғана "Қосымша қызмет" - "Борттан орын таңдау" бөліміне өтіңіз.
Қалай өтеміз?
Тегіңізді(фамилия) латын әріптерімен жазыңыз(мысалы - FAMILIYA)