Sunday Airlines компаниясын сіз үшін одан да жақсырақ ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
«Рұқсат ету» түймесін басу арқылы сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісесіз және Құпиялылық саясаты
Рұқсат ету
Sunday Airlines

КҮНГЕ ЖАҚЫН Әуекомпания! 


Sunday Airlines - «SCAT» әуекомпаниясының туристік бренді. Алматы - Анталья бағыты бойынша алғашқы рейсін 2013 жылдың 18 мамырында орындады. Сол уақыттан бері Sunday Airlines өз мақсатына жету жолында биіктерді бағындыруда. Мақсаты айқын – әлемнің танымал туристік бағыттарындағы әуетасымалдаушыға айналу. Түрлі бағыттарға ең ыңғайлы әуе кемелерін ұшырады: ол - Boeing 767-300, Boeing 737-800, Boeing 737-8 және Boeing 737-9, Boeing 757-200. Ұшақтарының сыртқы көрінісі мен ішкі дизайнының өзі - демалыс, жылы жағажай, теңіз жағалауы мен керемет демалыс аурасын сезіндіреді. Компанияның басты ұстанымы, ұраны - «Демалыс ұшудан басталады!»

 

Біздің бағыттар


Компанияның дамуы кезеңдерінде бірнеше жаңа бағыттар ашылды. Қазақстандықтардың Анталья, Шарм-эль-Шейх, Хургада, ГОА, Коломбо, Лангкави, Пхукет, Камрань, Санья, Хайкоу, Мальдив аралдары, Токио, БАӘ, Мерса-Матрух, Рас-эль-Хайма қалалары мен елдеріне саяхатын орындады. Әр жылы онға дейін жаңа бағыттар ашылуда, жолаушылар саны жыл сайын орта есеппен 20%-ға артып келеді.

 

Біздің артықшылығымыз

  • 2021 жылдың қараша айында әуекомпания кезекті рет IOSA Халықаралық Қауіпсіздік Аудитінен сәтті өтті.
  • Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мүшесі.
  • Чартерлік рейстерге онлайн тіркеу.
  • Жолаушыларға қосымша қызмет түрлерін ұсыну бойынша қызмет көрсету.
  • Туристік пакеттерді сату бойынша қызмет көрсету